Премьер-министрдің төрағалығымен Bek Air әуекомпаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өтті.
"Барлық қазақстандық Алматы облысындағы әуе апатындағы қайғылы жағдайға көңіл білдіреді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар бар, зардап шеккендер де көп", - деді Мамин.
Үкімет басшысы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден берілетінін айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, барлық зардап шеккендерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі", - деді Мамин.