"Демеу" әлеуметтік қызмет орталығында жүйкесі сыр берге азаматтар ем қабылдайды. Онда жұмыс істеуге кез келген адамның төзімі де жете бермейді. Бүгін осы мекеменің қызметкерлері жаппай нарызылық білдірді. Айтуларынша басшылары үш жылда көресіні көрсеткен. Қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттен өзге жұмыстары да атқарып келіпті. Ол аздай киінетін бөлмеге дейін бейне бақылау камерасын қойып ізімізді аңдумен болады деп ашынуда.
Ләззат Каримова, "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығының қызметкері:
Тарифная месячная ставка 34 680 теңге болған. Қазіргі кезде 51 140 теңге. Міне алған ақшамыз 71 486 теңге болды, қазір 7819 теңге. Өзіңіз ойлаңызшы тарифный ставка өседі да, қалғанының барлығы осылай. Ақша қосылып жатыр дейді қайда біздің ақшамыз? Қосылып жатқан ақшамыз қайда екен? Соған бізге жауап берсін!
Ал медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы өткен жылы 40 пайызға артқанымен бұл мекемеде өзгеріссіз қалыпты. Өзгесін қойып енді жалақымызды жырымдаған соң шыдамымыз шегіне жетті деп күйінуде. Алмаған ашаларын алды деп қол қойдырып, айлықтарын негізсіз кесіп, ай сайын қарыз ғып шыңғарады екен.
Мирагүл Нұрәбілова, "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығының қызметкері:
Декабрь 20 жылы менің түскен еңбекақым 190 980 теңге болған. Бірақ қолыма 37 мың теңге алдым. Сонда менің қалған ақшам қайда? Каждый айда бізді қарыз ғып қояды. 124 500 теңге қарыз. Қайдан алған қарыз мен білмеймін.
Үміт Ережеп, "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығының қызметкері:
Декабрь айында екі ақ мың теңге ақша алдым. Бухгалтерге кірген кезде маған былай айтты. Сен больничныйға шыққан үшін 78 мың удержание ұстап қалдық. Сен бізге қарыз емессің деді. Одан кейін екінші бухгалтерге кіргізді ол кісі тыңдағысы да келмеді.
Ал әлеуметтік қызмет орталығының басшысы дау тудырған жалақы мәселесіне есепші тарапынан қателік кеткенін жеткізді. Желтоқсан айында қызметкерлердің еңбенк ақысы дұрыс есептелмеген көрінеді. Ал жаңадан келген бухгалтер жыл басынан бері есептеп, қарыздары бар екенін анықтаған көрінеді. Әр қызметкердің мәселесін жіті қарап, айлығын жөнге келтіреміз деп сендірді.
Данипа Ысқақова, "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығының директоры:
Біздің бірқатар қызметкерлерімізде қырыз пайда болды немесе, жалақылары аз болып шыққан. Сондықтан бұл мәселені өз мекемеміздің ішінде шешудеміз. Жалақы дұрыс төленбеді деген шағым түскен жоқ. Қабылдау уақыты барлығына белгілі, мен жұмыс орнымдамын. Мен осыған дейін қызметкерлермен кездесіп түсіндіріп айттым.
Емдеу мекемесіндегі шу әкімдікке де жетіпті. Әл-ауқат басқармасының басшылығы арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарын қолға алған.
Жәнібек Қаратаев, қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта аталған орталық бойынша комиссия құрылған. Басқарма басшылығының бақылауында тұрған сұрақ. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Тексеру қортындысынан кейін тиісті шешім қабылданбақ. Ал қызметкерлер педагог басшыны алып, орнына істің жөнін білетін медик келсе деп отыр.
#медицина #шу #дау #наразылық #дәрігерлер #алматы