USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордалық азамат көпірден секірмек болды

  • 12.қыркүйек.2019, 17:30,
  • 573

Елорда әкімдігі "Арқар" көпірінен секірмек болған ер адамға қатысты ақпарат берді.

"1991 жылы дүниеге келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Рүстем Ережепов есімді азамат көпірден секірмек болған. Отбасылы, 2 баласы бар. Дені сау, ешқандай құқыққорғау органдары мен медициналық мекемелерде тіркеуде тұрмайды. Аталған азаматтың тұрақты жұмысы болған, кейін шығып кеткен. Бұған дейін қалалық әкімдікке 2-3 рет өз өтініштерімен жүгінді. Атап айтқанда, тұрғын үй және жер алу мәселелері бойынша. Әкімдік өз тарапынан демеушілердің көмегі арқылы оның сұрақтарын шешкен болатын. Соңғы рет 9 қыркүйек күні азамат әкімдікке келгенде "Еңбек" бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысына көшу туралы келіссөз жүргізілді. Яғни, онда Ережеповтің тұрғын үй және жұмыс мәселесін шешу де қарастырылған", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.


Аталған азаматтың 1 млн 300 мың теңге көлемінде 6 несиесі бар.


"Біз бұл азаматпен "Еңбек" бағдарламасы аясында барлық сұрақтарды шешіп, тек құжаттарды реттеу ғана қалған. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін тиісті құжаттарды тапсырмады. Ал бүгін көпірден секіремін деп дүрліктірді. Қазіргі уақытта азамат Ережеповпен құқыққорғау органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Ол нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады", -деді ол.


скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
29.08.2019
22.08.2019
29.07.2019
07.08.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930