Нұр-сұлтанда өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
3 шілдеде Атырау облысында 36 градус ыстық болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 метрге дейін жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын, найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс. Оңтүстікте 35 градус ыстық.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік, найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
#ауарайы #жаңбыр #найзағай #жел #нұр-сұлтан #атырау #оқо #сқо #бқо #павлодар #шқо #қостанай