USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

  • 12.июля.2020, 13:00,
  • 428

12 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың тек оңтүстік жартысында және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай болады.

Атырау облысының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Жамбыл, күндіз Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.


#ауарайы #жаңбыр #жел #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930