19 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қ: 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Петропавл қ: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
19 тамызда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
19 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қ: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
#ауарайы #казгидромет #синоптиктер #болжам #қазақстан