USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жұма күні 8 өңірде жел күшейеді

  • 19.июля.2019, 16:00,
  • 611

Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы және шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, шығыста – дауыл.


Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді.


Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.


Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады.


Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.


Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.


Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.


Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
18.07.2019
15.07.2019
15.07.2019
12.07.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031