USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 22.августа.2020, 09:00,
  • 782

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік облысында жаңбыр болжанды, ол кей жерлерде қатты жауады, бұршақ болуы мүмкін. 

22-24 тамызда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды, онымен бірге жаңбыр, елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

"Ауа температурасына келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда күндізгі температура 20-25 дейін, кей жерлерде 28 градусқа төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.



#ауарайы #синоптик #казгидромет #жаңбыр #бұршақ 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930