USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бизнесті қолдауға бөлінетін мемлекет қаражаты 1,5 есеге ұлғаяды

  • 06.қараша.2019, 11:00,
  • 453

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты


«Бизнестік жол картасы -2020» осы жылы аяқталады. Сондықтан бағдарламаның жаңа жобасы әзірленді. Жобада мақсаттар мен міндеттер сақталды, қолдау құралдары жетілдірілді. Олардың тиімділі мен қолжетімділігі артты. Бірінші, айналым қаражаттың несиелеу көлемі 60 млн-нан 360 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, несиелердің қолжетімділігі арттырылуда. Ол үшін микроқаржы ұйымдарды субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі. Үшінші, кәсіпкерлерге жұмыспен қамту және салық түсімдерін арттыру талабы жетілдірілді. Төртінші, кәсіпкерлерді әр сатыда сүйемелеу күшейтіледі. Бұл: оқыту, несие, қолдау алу үшін тиісті құжаттарды дайындау және тауарларды өткізу жолдарын ұйымдастыру«, - деді «Бизнестің жол картасы - 2025« мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын таныстырған Руслан Дәленов. Оның дерегінше, бағдарламаның келесі кезеңіне 421 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыру өткен бесжылдық кезеңге қарағанда 1,5 есеге ұлғайды. «Бизнестің жол картасы 2025« бағдарламасында нысаналы индикаторлар көзделген. Олар еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді. Ол ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кем дегенде 35 пайызға, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 13,4 пайызға жеткізу болып белгіленген. »ШОБ-тың үдемелі дамуы экономиканың сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Бұл үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіліп, рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизесті ынталандыру шаралары қабылдануда. Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың 3/1-ден астамы ШОБ-қа тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай ШОБ ЖІӨ-нің жартысын құрайды«, - деді министр.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.11.2019
22.10.2019
24.09.2019
10.07.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930