USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2025 жылға дейін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы ұзартылады

  • 29.мамыр.2019, 10:37,
  • 1 714

Бағдарламаның тұжырымдамасы жасалып, оның тың бағыттарын айқындайтын жұмыс тобы құрылды.

Бағдарламаның тұжырымдамасы жасалып, оның тың бағыттарын айқындайтын жұмыс тобы құрылды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде тұжырымдама жасалып, жұмыс тобы құрылды. Оның барлық деңгейін талқылап жатырмыз. Қаржылық қолдау құралдарын жетілдіруге арналған түзетулер жасалды», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов.

Бағдарлама шеңберінде кепілдендіру үшін несие көлемін ұлғайту жолымен кепіл бойынша жүктемені азайту, микроқаржылық ұйымдарды тарту, айналым қаражатын несиелеу үлесін арттыру, кәсіпкерлердің тиімді жобаларына талаптарды күшейту, мемлекеттік бағдарлама және басқа да құралдарды ұлғайту шаралары көзделген.

«Бизнес-қауымдастықты белсенді қатысуға шақырамыз. Барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Бұл шаралар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ел экономикасына үлесін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілгенін мәлім еткен еді.

 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930