USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталады

  • 06.қараша.2019, 16:09,
  • 604

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және бизнесті қолдаудың 2025 жылға дейінгі жаңа тәсілдері қаралды



Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар және бағдарламаның алдағы бес жылдық кезеңге арналған жобасы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, бизнес жүргізу негіздеріне оқыту және кәсіпкерлерге ақыл-кеңес беру туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндады. «Елбасы Н. Назарбаевтың айтуынша, мықты бизнес – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Осы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында ШОБ-тың рөлін күшейту және оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай кем дегенде 35%-ға жеткізу міндетін қойды. 2050 жылы біз 50% көрсеткішке жетуіміз керек. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, соның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізілуде», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. 2010 жылдан бастап оны іске асырудың нәтижесінде 342 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 94 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Шағын және орта бизнестің еліміздің ЖІӨ-дегі үлесі 2015 жылғы 24,9%-дан 2018 жылы 28,4%-ға дейін өсті. ШОБ өнімдерінің көлемі 10 трлн теңгеге 13,3-тен 23,4 трлн теңгеге дейін өсті. Субъектілердің саны 300 мыңнан астамға 900 мыңнан 1,3 млн-ға дейін өсті. Биыл Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде 28 орыннан 25 орынға көтерілді. 2015 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 282 млрд теңге бөлінді, жаңа «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бір жарым есе көп қаражат – 421 млрд тг қарастырылған. Алдағы бес жылдық кезеңде бизнестің ыңғайласпа міндеттемелерін енгізу көзделген (жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту, төленетін салықтар мен бағдарламаға қатысушылардың кірістерінің өсуі), франшизаларды сатып алуға және қайта қаржыландыруға несие беру мақсаттарын кеңейту көзделген. Мемлекеттік гранттың мөлшері 3 млн-нан 5 млн теңгеге дейін, айналым қаражаттарын несиелендіру 60-тан 180/360 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Бағдарламаға екінші деңгейлі банктермен қатар, Микроқаржы ұйымдары да қатысушы ретінде қосылады. Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне осы жылдың қараша айының соңына дейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының қабылдануын қамтамасыз етуді, 2019 жылдың соңына дейін қажетті нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз етуді, «Атамекен» ҰКП және «Даму» АҚ-мен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында жаңа Бағдарламаның тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.11.2019
28.10.2019
16.10.2019
23.10.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930