USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды- Руслан Дәленов

  • 09.қазан.2019, 17:01,
  • 447

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде сақталады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 3,8 пайыз деңгейінде өсуі, 89 млн тонна көлемінде мұнай өндіру ескерілген. Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды», - деді министр. Оның атап өтуінше, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде тұр. «Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Түсімдер түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады. Көлемді түсімдерді қосылған құн салығы (2,8 трлн теңге), корпоративтік табыс салығы (2 трлн теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 трлн теңге) қамтыды», - деді Руслан Дәленов. Белгілі болғандай, түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге өсіп, 10,7 трлн теңгені құрамақ. Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді. Шығыстар 95 млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн теңгеден асады.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/damu-bolzhamynyn-negizgi-korsetkishteri-saktaldy-ruslan-dalenov_a3573478

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2019
27.09.2019
11.09.2019
09.09.2019
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930