USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Микро және шағын бизнес субъектілері салықтан 3 жылға босатылады

  • 06.желтоқсан.2019, 15:00,
  • 842

2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.



«2020 жылдың басынан бастап, арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылдық мерзімге босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнімдерді өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары босатылмайды», - деді ол. Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілеріне 3 жыл мерзімге тексеру жүргізуге мораторий енгізіледі. Кедендік тексеру, қарама-қарсы салық тексеру, қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан және салық төлеушінің өтініші бойынша өзінің қызметіне қатысты тексерулер алып тасталынады.

«Cонымен қатар микро және шағын бизнес субъектілеріне онлайн-ККМ және POS-терминалдарды міндетті түрде қолдануды, кірістер мен шығыстар жеңілдетілген есебін кезең-кезеңімен енгізуді, салық есептілігін ұсынуды қамтамасыз ету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау арқылы сапалы нарықтық дамытуды бұдан әрі жалғастыруға, сонымен қатар шикізаттық емес экономика секторын дамытуға қол жеткізу амалдарының бірі болып табылады. 




скачать dle 12.0
Фото авторы : Фото сурет www.finbiz.kz сайтынан алынды
Тағы да оқыңыздар:
03.12.2019
28.10.2019
02.09.2019
13.08.2019
09.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930