Ицхак Адизестің отбасылық бақыт туралы үздік дәйексөздері
- Балалар есейген кезде, ерлі-зайыптылар тек өздерімен-өздері қалады, сондықтан да олар бір-бірімен өздерін жақсы сезінген маңызды.
- Жөні дұрыс неке болуы үшін отбасының қажеттіліктері өзгерген сайын өзгере алатын өмір серігін таңдаған жөн..
- Адамдар Айға ұқсайды. Әрбіреуінде жарық және қараңғы жақтары болады. Олармен қандай қарым-қатынаста болуына байланысты олар жақсы немесе жаман жағымен сізге бұрылатын болады. Сіз адамның екі жағын көрмейінше, адамды шынайы біле алмайсыз. Сонда сұрақ туындайды: осы адам сіздің өміріңізге алып келетін жарықты көбірек жақсы көресіз бе, әлде алып келетін қараңғылығын көбірек жек көресіз бе?
- Махаббат өмірді ұзартады. Жай ғана бір-бірін жақсы көретін адамдарға қарасаңыз жеткілікті: олар жарқырайды, жас болып көрінеді.
- Мақсат мінсіз адамды табуда емес. Мақсат кемшіліктеріне көнетіндей адамды табуда жатуы керек.
- Өмір – бұл американдық горкалар сияқты, көбінесе күтпеген бас айналарлық көтерілулер мен түсулер. Сонымен сіздің өмір серігімен қарым-қатынастарыңыз жақсарғанға дейін құлдырау кезеңінде тынысыңызды тоқтата аласыз ба? Қарым-қатынастарыңыз өркендеген кезде, қарым-қатынастарыңыздың кенеттен нашарлауына дайынсыз ба? Аттракцион сізді тік кеңістікте жоғары немесе төмен сырғанап апаратынын күту сізді бақытты қылмайды. Кемел қарым-қатынастардың айтарлықтай шынайы және қанағаттандыратын мақсаты ретінде қарым-қатынастардың жоғарылау мен төмендеуін бірге қарсы алып, олардан өзіне пайдалы сабақтарды алуды қарастыруға болады.
- Уақытты отбасы үшін немесе өзің үшін таба алмайсыз. Ол үшін уақытты әдейі алу керек, әдейі уақытты бөлу керек.
- Егер бау-бақшаңызға дұрыс қарамасаңыз, ол арамшөптермен өсіп кетеді. Машинаны дұрыс жөндемесеңіз, ол сына береді. Отбасы, егер оның мүшелерінің қажеттіліктеріне көңіл аудармасаңыз, отбасы болудан құр қалады. Сондықтарр да бау-бақшаны дұрыс қарау керек, машинаны дұрыстап жөндеу керек. Отбасымен сапалы уақыт өткізу керек.
- 9. Махаббат – бұл ең құнды актив. Оны сатып ала алмайсыз және сата алмайсыз. Алайда махаббаты бір мезетте-ақ талқандай аласыз. Ашуды сезінген кезде, көңіліңіз қалған кезде немесе сезімдеріңіз беріктікке тексерілген кезде. Махабатыңызды жоғалпай, оның мәнін түсіне алмайсыз.
- Адамды құрметтемей және оған сенбей жақсы көру мүмкін емес.
- Әйелдер ең алдымен махаббаты қалайды, ал одан кейін ғана құрметті күтеді. Ер адамдар, ең алдымен, құрметті қалайды, содан кейін ғана махаббатты қажетсінеді.
- Махаббат бұлшық ет тәрізді. Оған жаттығу керек.
Авторы Ицхак Адизес
Қайнар көзі: adizes.me