Анджей Дуда Варшавада Тасыбай Әбдікәрімовті «Virtus et Fraternitas» медалімен марапаттады. Салтанатты шарада сонымен қатар, «ХХ ғасырда тоталитарлық жүйе құрбандары» болған поляктарға көмек қолын созған азаматтар да марапатталды.
«Кейбіреулер он жыл бұрын болған белгілі бір оқиғаларды еске алу дұрыс емес деп есептейді. Бірақ бұл оқиғаларды жадында сақтап, ол туралы батыл айта алатын азаматтар баршылық. Осының барлығы үшін бүгін Польшаның атынан Сіздерге алғысымды білдіремін. Сізге бұл сыйлықтарды тапсыру - мен үшін үлкен мәртебе. Бұл, ең алдымен, Поляк мемлекеті тарапынан естелік пен алғыс білдіру екенін атап өткім келеді», - деді салтанатты шараға қатысқан президент Анджей Дуда.
Бұл марапаттау Польша тарихында алғаш рет өткізілді. Шараға Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймұхан қатысты. Барлығы 14 адам медаль иегері атанды.