Фильм сценаристі Крэйг Мазин аты шулы Чернобыль АЭС опатын Валерий Легасов, Ульяна Хомюк секілді тұлғалар тарихымен жеткізуді қалады. Жұмысқа кіріспес бұрын Мазин барынша ізденіс салып, қайғылы оқиғаны экран бейнесіне толықтай үңілетіндей жеткізуді мақсат етті.
Раритетті күлсауыт, сол кезеңнің түсқағаз бен ыдыс-аяғы, белгілі аймаққа сәйкес келетін көлік нөмірлері: бүге-шүгесіне дейін ойластырылған жұмыс назардан тыс қалуы мүмкін емес еді.
Кеңес Одағының адамдары қаншалықты зұлым, биліктен сескенген халық болып көрінгенімен, нағыз өз ісіне деген құрмет, тарихи оқиғаға естелік ретінде түсірілген картина екендігі байқалады.