Мэриямен келісілмеген акцияда Мәскеу қаласының орталығыныда 200-ден астам адам тұтқындалды, деп Мәскеу бойынша ІІМ ҚБ баспасөз қызметі хабарлайды. Шеру қатысушылары «Медузаның» арнайы тілшісі Иван Горбуновты дәлелсіз қуалағаны үшін кінәлілерді жазалауды талап етті.
Ұсталғандар арасында журналисттер де болды. Сонымен қатар жемқорлықпен күресу қорының басшысы Алексе Навальный да ұсталды.
Ресейдің журналисттер одағы БАҚ-ң ұсталған қызметкерлерін босатуды талап етті. «Жаппай акцияларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, РФ Конституциясымен көзделген ережелерді және азаматтардың бірігу құқығын, сонымен қатар журналисттердің оқиғаларды баяндау құқығын қатаң түрде сақтау қажет. Журналисттерді тұтқындаған кезде Қылмыстық кодекстің 144 бабын ұмытпау керек (журналисттердің заңды қызметіне бөгет жасау)», - деп, Журналисттер одағының басшысы Владимир Соловьевтің полиция қызметкерлеріне арызында атап өтілген.
Мәскеу мэриясы 12 маусым күні рұқсат етілмеген шеруге шығудан бас тартуға шақырды және акция ұйымдастырушыларына жауапкершілік туралы ескерту жасады.
«Медузаның» бас редакторы рұқсат етілмеген митингке шықпауды өтінген болатын. РБК редакциясы да өз пікірін қалың бұқараға білдіргісі келетіндерді рұқсат етілген акцияға шығуды шақырды.
Толығырақ РБК сайтында:
https://www.rbc.ru/society/12/06/2019/5d00e1929a79474fc1e04bab?from=from_main