Осының алдында 8 шілдеден бастап ресейлік авиакомпаниялар да РФ мен Грузия арасындағы ұшуларды тоқтататыны туралы белгілі болды.
РФ Көлік министрлігінің сайтында ұшуларды тоқтатудың себебі ретінде авиа қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етумен және Ресей Федерациясының Әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік корпорациясы алдында аэронавигация үшін мерзімі шыққан қарыздылықтың бар болуымен түсіндірілді.
Грузияның аэронавигациялық қызметтеру үшін қарыздылықтың жалпы сомасы $793 мыңнан аспайды. Осыған қоса қарыздың 592,2 мың рублі 2008 жылдың өзінен өтелмей отыр.
«Ұшулардың тоқтатылуы Georgian Airways пен MyWay Airlines компанияларымен ресейлік тарапқа авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын, олардың аудитін бермейінше және ресейлік тарап осы құжаттарды қабылдамайынша, сонымен қатар аэронавигациялық қызметтер үшін грузиялық тараппен қарыздылығын толығымен өтемейінше жалғасатын болады, - деп хабарландыруда айтылады.
РФ авациялық өкіметі грузиялық тарапқа консультацияларды көрсету дайындығы туралы ескерткенін РФ Көлік министрлігі қосымша хабарлады.
Тбилиси қаласында парламент ғимаратының қасында екінші күн бойы қарсылық акциялары өтіп отыр. Шеруге щыққандардың басты талаптары – Грузияның ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуі, пропорциялық әдіспен мерзімнен тыс парламенттік сайлауды өткізу мен жұмаға қараған түнде полициямен ұсталған парламенттің қасындағы шеруге қатысқан 305 адамның барлығын босату. Шерудің себебі Православиенің халықаралық ассамблеясын бас ассамблеясының 26-шы сессияна РФ Мемлеттік думасының депутаты Сергей Гаврилов пен Ресейден келген басқа да делегаттардың қатысуына байланысты жанжалдың туындауы болды.