Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» опера және балет театрының ғимаратында өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын егемендіктің қадір-қасиетін бағалауға шақырды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 30 жылда жеткен жетістігіне тоқталып, қазақстандықтарға Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып отыр.
ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстан Ұлттық Банкі TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Бразилияның Борба қаласының мэрі Симау Пейшот пен депутат Ирина Альвес Да Сильва ММА ережелері бойынша дуэль өткізді.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақ елінің жетістікке, жасампаздық пен мерейге толы 30 жылы. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз барлық жағынан дамыды.