USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2022 ж 1 қаңтарынан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі

  • 15.желтоқсан.2021, 14:53,
  • 81

ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады.

Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің еңбекақы тарифіндегі мөлшерлемелер былай өзгереді:


1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.


2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша ұйымдардың, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.


3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.


4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.


Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2021
27.08.2021
13.12.2020
11.12.2020
05.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031