USD 540.18
EUR 628.93
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақ – дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы – Қасым-Жомарт Тоқаев

  • 15.желтоқсан.2021, 18:12,
  • 157

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын егемендіктің қадір-қасиетін бағалауға шақырды.

"Халқымыз егемендіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінеді. Өйткені біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз. Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді", - деп айтты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент елдік жолында жұдырықтай жұмыла әрекет етудің арқасында Қазақстан халқы телегей-табысқа жеткенін атап өтті.


"Төл тарихымыздағы ең күрделі сәттерде халқымыз жұдырықтай жұмыла білді. Бұланты, Орбұлақ және Аңырақай шайқастары – осының айқын дәлелі. Қазақтың елдік жолындағы ерлігі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарда айқын көрінді", - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы тәуелсіз ел атану жолында жанын пида еткен арыстар мен ұлт қаһармандарының ерлігі ұрпақ жадынан өшпеуі тиіс екенін баса айтты.


"Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Мыңжылдықтар тоғысатын тұста Азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы", - дедіҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930