USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бразилияның шенеуніктері жұдырықпен мәселені шешті

  • 15.желтоқсан.2021, 11:29,
  • 198

Бразилияның Борба қаласының мэрі Симау Пейшот пен депутат Ирина Альвес Да Сильва ММА ережелері бойынша дуэль өткізді.

Қос шенеунік жергілікті мектептің спортзалында рингке шықты.


Сильва қала басшысы Пейшотты өзен маңындағы аквапаркты сақтап қала алмағаны үшін сынап, оны "жемқор", "алаяқ" деп айыптаған. Түйткілді мәселені жұдырықпен шешпекші болып, депутат қарсыласын рингке шақырды. Қала басшысы бұл ұсынысты қабыл алды.


"Мен боксшы емеспін, мен қала басшысымын. Мені жекпе-жекке шақырған соң, қарап тұра алмадым", - деді Реслинг қаласының мэрі Симау Пейшот


Жекпе-жек жергілікті мектептің спортзалында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары шенділердің төбелесін көру үшін залға билет сатып алып кірді. Ғимаратқа сыймағандары жекпе-жекті ғаламтор арқылы тамашалады. Түскен қаражат мұқтаж жандарға берілді.


Жекпе-жек үш раундтқа ұласты. Депутаттың ауыр соққыларына қарамастан, қала басшысы ұпай саны бойынша басым түсіп, жеңімпаз атанды. Осылайша мэрдің дегені болып, өзеннің жанындағы аквапарк алдағы уақытта сүріледі.


Жекпе-жектен кейін Пейшоттың басы бәлеге қалды. Себебі прокуратура мамандары қала басшысын мемлекеттік бюджет есебінен жекпе-жек ұйымдастырды деп айыптап, тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы орган шараның есеп-қисабын дайындау үшін Пейшотқа бес күн уақыт берді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.12.2021
05.11.2021
05.11.2021
03.02.2021
27.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930