USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк арнайы монеталар дайындады

  • 15.желтоқсан.2021, 13:20,
  • 131

Қазақстан Ұлттық Банкі TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.


"Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады", - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.


Тәуелсіздікке 30 жыл, Ұлттық банк, тиындар


TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.

 

Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, ҚҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.


Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі көрініс тапқан.

    

Монеталар:

  • 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 933 грамм (30 унция), диаметрі – 100 мм, номиналы – 5000 теңгелік, дайындау таралымы – 300 дана;

  • 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 3 000 дана;

  • МН 25 мельхиор қоспасынан, сапасы – рrооf-like, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 30 000 дана болып дайындалған.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.


Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.03.2021
10.08.2020
28.01.2020
27.11.2019
02.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031