Мәжіліс депутаты С.Ерубаев "Ақ жол" ҚДП фракциясының депутаттарының атынан еліміздегі автобус тасымалындағы күрделі жағдайды сауықтыру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған автопарктерге тиесілі субсидияларды төлеу бойынша шұғыл шара қабылдауды сұрап, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.