USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Австралияда жер сілкінісі болды

  • 22.қыркүйек.2021, 14:45,
  • 249

Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауында 6 балдық жер сілкінісі болды.

22 қыркүйекте сейсмологиялық қызмет Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауында жер сілкінісін тіркеді. Зілзала Мельбурннан шығысқа қарай 180 шақырым қашықтықта орналасқан тауда (халқы 5 миллионнан астам) болған, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.


"6 баллдық алғашқы дүмпулер Мельбурннан солтүстік-шығысына қарай 200 шақырым қашықтықта орналасқан Мансфилд ауылының аумағында (халық саны - 4,7 мың адам) сағат 09: 15 -те тіркелді. Кейінірек жер асты дүмпулері оңтүстікте 150 шақырымдағы Томпсон-дам бөгетінде, Мельбурннен шығысқа қарай 180, Канберрадан оңтүстікке қарай 22 шақырымдағы Тредбо ауылының маңында тіркелді", - дейді сейсмологтар.


ABC хабар тарату корпорациясының айтуынша, Мельбурнде қала орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Мегаполис көшелеріндегі ғимараттар мен жолдарға зақым келгені жайлы ақпарат түсті.


Жер сілкінісі Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстің бірнеше аймақтарында, Канберра, Аделаида және Сиднейдің батысында, сондай-ақ Лонсестон, Тасмания маңында да сезілді.


Сейсмологиялық зерттеу орталығының басшысы Адам Паскальдың айтуынша, Мельбурннің солтүстігінде жер сілкінісі шамамен 15-20 секундқа созылған.


"Бұл жойқын жер сілкінісінің артынан тағы одан да күштірек жер сілкінісі болуы мүмкін", - деді ол.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.09.2021
22.05.2021
13.02.2021
24.02.2020
08.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031