USD 504.49
EUR 587.73
RUB 6.57
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Билер айтқан сөздер

  • 22.қыркүйек.2021, 20:54,
  • 197

Қасқырға қан балдан тәтті, жауыз ханға пайда жаннан тәтті.

Сақтық қорқақтық емес, тәуекелдік ерлік емес.

Масқараның баспанасы болмайды.

Арыстандай күшің болса, түлкідей ісің болсын.

Көзге ұйықы тығылса, құлаққа сөз кірмейді.

Шешең өгей болса, әкең өзіңдікі емес.

Бақпен асқан патшадан, ақылымен асқан қара артық.

Көңілің жаман болса, жаның азады. Күйісің жаман болса тәнің азады.

Адасқанның айыбы жоқ, райынан тез қайтса, ауыр сөздің салығы жоқ қайтып жөнін тез тапса.

Қонақ келуімен қоймай, қызыңның жасын сұрап отырады.

Батырдың бір аты тентек.

Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды.

Адам өз мінін өзгенің көзімен қарағанда бірақ көреді.

Шамадан тыс биіктеп кетсең құлау бар. Әлемнен асып дардайып кетсең жылау бар.

Күлу мен жылау төркіндес, күлген көз жылаудың да ұясы.

Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол, қатал болар кезіңде шатырлаған жайдай бол.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031