USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Цифрландыру бойынша Ресеймен меморандум қандай нәтижеге алып келеді?!

  • 22.қыркүйек.2021, 20:07,
  • 246

БҰҰ «Электронды үкімет» даму көрсеткіші бойынша 2020 жылғы рейтингіге сәйкес, Қазақстан 193 елдің ішінен 29 орында жайғасты. Ал ТМД елдер арасында тіпті 1 орында екені жайлы естулеріңіз бар ма?

 

Қоғамда Қазақстан Үкіметі мен СБЕР компаниясы келістірген меморандум қызу талқыланып жатыр. Сонымен қатар, осы тақырыпқа Президенттің халыққа жолдауы да тікелей байланысты болып тұр.


3 қыркүйек күні күні Шығыс экономикалық форум аясында, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф еліміздегі цифрландыру саясатын жетілдіру бойынша меморандумға қол қойылды.


Оның алдында 1 қыркүйекте Мемлекет басшы, Қазақстан халқына жолдауы кезінде, елді цифрлы хабқа айналдыруды тапсырған болатын.

Бірақ жолдауда осы салаға қатысты берілген тапсырмалар мәні мен құзырлы министр Бағдат Мусиннің меморандум жайлы түсініктемесі бір-біріне қарама-қайшы болып тұр.


Атап айтқанда, Мемлекет басшының сөзіне қарағанда, Цифрлы Үкіметтің жаңа архитектурасын құру керек. Мемлекеттік сектордағы барлық IT бастамалар жаңа құрылатын Мемлекеттік Тех отандық платформасында негізделуі керек.


Ал Мусин мырза болса, Ресей компаниясының платформасында жұмысты негіздеуге ниетті.

 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жолдауда елдегі цифрландыру үрдісі бизнес саласында болсын, мемлекеттік қызмет көрсету болсын, отандық компаниялар айналасында іске асыру маңыздылығы тағы да атап өтті.


Бағдат Мусин болса, Ресейдің СБЕР компаниясына кеңедей жабысып, бір сұқбатында бізге ең ұтымды нұсқа деп айтып отыр. Сонда отандық IT компаниялар мен мамандардың біліктілігіне сенбегені ме?! Не басқа компаниялармен салыстыру дәлелдері қайда? Сараптаудың есебін көрсетіп, айғақтар келтіре алады ма?

 

1 қыркүйекте Жолдауда осы салаға қатысты басқа да маңызды ой айтылды.  Атап айтқанда, заманауи ақпаратты өңдеу орталықтарын құру арқылы, көршілес елдерге де қызмет көрсетуге қауқары жету керектігіне назар аударылды. Одан бөлек еліміз Еуразияның басым бөлігінде орталық цифрлы хаб атағына ие болу қажеттілігі айқындалды.


Ал цифрлық даму министрі, «электронды үкімет» даму көрсеткіші бойынша БҰҰ рейтингісінде елімізде төмен 36 орында тұрған Ресейдің көмегімен, аталмыш межеге қалай жетпекші?! Не біздің қаражатымызға салынатын жүйені, ертең Ресей пайдаланбақ ойы бар ма?

 

Президентіміз Тоқаевтың Жолдаудағы болжамы бойынша, цифрлы саладағы тауар мен қызмет көрсету экспорт көлемі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 миллион долларға жетуі керек.


Ең қызығы Мусин таратқан ақпаратқа сәйкес,  Қазақстанды цифрлы трансмормацияны іске асыру үшін, шамамен тура осы 500 миллион доллар қажет. Бұл сандар сәйкестігі, не жасырынды ой бар ма?! Цифрлы министрдің сөзінше, бұл қаражат толығымен Ресей компаниясына төленбейді, тек олар бізге оңтайлы шешім тауып, архитектураны құрып, толығымен бізге қайтарып, сатып алу үшін дейді.


Қорытындылай келгенде, Министрдің сөзінше, осы жобаға отандық мамандар қатысады да, қазақстандықтардың дерегі басқа елдің қолына түспейтініне кепілдік беріп жатыр. Бірақ басқа тараптан, елдің сарапшылары мен мамандары өз ойларын айтып, қарсылықтарын білдіруді.


Мен It маманы болмағандықтан, оның басқа тұстарына үңілмеуді жөн көрдім. Дегенмен алдағы шығарылымдарда осы тақырыпқа қайтып келетініміз сөзсіз.


Мені әзірше, осы меморандум мен Жолдаудың бір-біріне қарама-қайшы болып тұрған тұстары алаңдатып отыр. Бұл министр Мусин тарапынан саботаж емес пе?

 

 


#egov #цифрландыру #электрондыүкімет

 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2021
13.09.2021
01.09.2021
01.09.2021
10.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930