2 қыркүйекте Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады. Министр Жолдаудың орындалуы бойынша білім саласына қатысты тоғыз бағытты атап көрсетті.