USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Марина Шукшина марапат салтанатында ащы, бірақ дұрыс сөздер айтты

  • 02.қыркүйек.2021, 13:21,
  • 97

31 тамызда РФ премьер-министрі Михаил Мишустин бірқатар ресейлік мәдениет және өнер қызметкерлеріне мемлекеттік және үкіметтік наградаларды табыс етті. Олардың қатарында болған актриса Мария Шукшина марапат салтанатында тебіреніп сөз сөйлеп, халықтың ішінде қыж-қыж қайнаған базынасын жайып салды.

Көптің көңілінен шыққан Шукшинаның бұл сөзі бүгіндері желіде жаппай бөлісіліп жатыр. Соның ішінде Facebook-те де.


"Қазір мәдениетсіздік деген вирус коронавирустан да қауіпті болып тұр. Одан ешкім өлмейді, бірақ бүтін бір буынды "ауру" жасайды. Рухани-өнеге деген мықты іргетас. Онсыз бір де бір мемлекет басын көтеріп жүре алмайды. Тіпті, алып империя да, керемет өркениет те. Тарихта оған дәлел - сан мың. Ұяттың, тәрбиенің, иманның, адамдықтың, моральдың болмауы түзеуге келмейтін қателіктерге жол береді. Бүтін бір ұлтты дүбаралыққа душар етеді. Сөз саптау мәдениеті, сөйлесу әдебі көз алдымызда жер-асты болып жатыр. Адамдар бір-біріне хайуан секілді шабатын болған. Осыдан-ақ, сырттан бадырайып көрініп тұрғандай, адамдарға әлеуметтік сынақ жүргізіліп жатқанын айтқызбай-ақ ұғуға болады. Адамдар бір-бірін жек көретін дәрежеге жеткен. Басында бетперде үшін, қазір вакцина үшін. Енді кезек QR кодқа да келетін секілді. Осының барлығын доғаруымыз керек. Жеме-жемге келгенде, адамдар бір-бірін қырып тастайтын секілді. Ал жаудың бетін ешкім көрмей, білмей кетеді. Мұндай соғыстың түрін Қытайда былай суреттейді: тау басында ақылды маймыл жазық далада екі жолбарысты қырқыстырып қойып, биіктен тамашалағандай. Көрдіңіздер ме, бүгінгі соғыста ешкім қолына қару алып, жауға қарсы ашық шаппайды. Олардың барлығы қазір БАҚ-та, білім мен мәдениет саласында, денсаулық саласына еніп алған. Ең бастысы, мұның барлығы мақсатты түрде жасалып жатқан рухани диверсия екенін ешкім түсінгісі келмейді. Яғни, адамды адамдықтан кетіру, бір-бірін алауыз ету. Әрине, ел арасында рухани құныдылықтарға деген сұраныс жоғары, азып-тозудан шаршады қазір жұрт, маған сеніңіздер. Мен бұл арада азаматтық қоғамның басым бөлігі туралы айтып отырмын. Мұны көрмеу, айтпау – адамзат алдындағы үлкен қылмыс. Осындай ұрымтал сәтті пайдаланып, жасаған мәлімдемем үшін, Михайл Владмирович, сізден кешірім сұраймын. Бұл - қазіргі адамдардың жан айқайы. Мен тек оны жеткізушімін. Отаныма қызмет етемін!", - дейді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2021
16.07.2021
17.04.2021
11.10.2020
25.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930