USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ипотекалық несиенің сыйақысы төмендетіледі

  • 02.қыркүйек.2021, 12:16,
  • 99

Отбасының табысына байланысты жеңілдетілген несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2% және 5% болады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

"Отбасы банк" АҚ-тың ипотекалық бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар үшін бастапқы төленуі тиіс төлем тұрғын үй құнының 10%-ына дейін төмендетіледі. Жеңілдікпен несиелеу мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2% және 5% болады, - деді Атамқұлов.


Ол зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізілетінін айтты. Атап айтқанда, зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін кейіннен баспана сатып алу үшін Отбасы банкінндегі есеп-шотқа аударуға мүмкіндік беретін өзгеріс жайына тоқталды.


Оның айтуынша, МЖӘ мен үлестік құрылыстың әлеуетін белсенді қолдана отырып, құрылыс компанияларын қолдау үшін жобаны қаржыландыру механизмі енгізілетін болады.


Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті көлемінен асқан бір бөлігін Отбасы банкіндегі есеп-шотқа аударуға рұқсат беруді ұсынған болатын. Бұл ел азаматтарын қаражат жинауды және табысын ақылмен басқаруды әдетке айналдыруға мүмкіндік береді, - деді Президент.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
08.06.2021
13.02.2021
30.12.2020
09.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930