USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

WTA турнирі алғашқы рет Қазақстанда ұйымдастырылады

  • 02.қыркүйек.2021, 18:36,
  • 137

Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) қыркүйек айының соңында біздің елімізге келіп, тіркеледі.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жүлде қоры 235 000 АҚШ долларын құрайтын WTA250 "Astana Open" ірі халықаралық теннис турнирі өтеді.


Әлемнің әйгілі 100 үздік теннисшілері 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін турнирге келуге ниет білдірді. Қазақстандықтардан Юлия Путинцева мен Зарина Диас алғашқылардың бірі болып тіркелді. Олар US OPEN-2021-де ұтылғаннан кейін, Нұр-Сұлтанда өтетін турнирге келіп жетті.


"Бұл - айтулы оқиға. Екі апта бойы Қазақстан әлемдік теннистің назарында болады. Өйткені, бірінші ерлер арасында ATP 250 турнирі, одан кейін әйелдер арасында WTA 250 турнирі өтеді", - дейді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі, Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон.


- Біз бүкіл әлемнің теннисшілері мен жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдыру үшін барымызды саламыз.


Чемпион титулы мен ақшалай сыйлықтардан басқа, теннисшілер 250 рейтингтік ұпайға таласады. Кәсіби турнирдің алдында Республика чемпионаты өтеді.


Республикалық турнирдің жеңімпаздары ATP және WTA250-ға wild card алады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
06.09.2021
07.10.2020
29.11.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031