USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Nur Otan депутаттары 1370 кездесу өткізді

  • 02.қыркүйек.2021, 15:15,
  • 188

"Nur Otan" партиясынан Мәжіліс депутаттары соңғы 2 айда халықпен 1,3 мыңнан астам өңірлік кездесу өткізді.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оған 17 мыңнан астам азамат қатысқан.


Өңірлік сапарлар қорытындысы бойынша 729 елді мекенде 2 мыңнан астам түйткілді мәселелер мен сайлаушылардың ұсыныстары жиналды, олар қолданыстағы заңнаманы, әлеуметтік саланы, экономиканың негізгі салаларын жетілдіруге, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқаруға, экологиялық жағдайға және т. б. қатысты.


Жаңа оқу жылы қарсаңында Мәжіліс вице-спикері, "Nur Otan" фракциясы басшысының орынбасары Павел Казанцев пен депутат Бауыржан Сартбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынған жаңа мектеп ғимаратын аралап көрді.


"Тағы 1200 бала жақсы жағдайда оқитын болады. Инклюзивті аспектілер де ескерілген. Бұл енді өмір сүру нормасына айналады. Ұжым жасақталды, оқулықтармен, құралдармен жабдықтау процесі жүріп жатыр. Сіздерге сәттілік, қымбатты ұстаздар! Біз сіздерді құрметтейміз, жақсы көреміз және әрқашан қолдаймыз", – деді Павел Казанцев.


Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, 2025 жылға қарай сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасы аясында 800 жаңа мектеп салудан басқа, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істеп тұрған 5 мың мектепті жаңғырту жоспарланған.

Жас депутат Мәди Ахметов Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауылында болып, оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар үшін салынған үйлердің құрылыс сапасымен танысты. Үйлер 2 жыл бұрын салынғанына қарамастан, кейбіреулері қайта жөндеуді қажет етеді.


"Нақты бір құрылыс жүргізушісі жоқ, осыған байланысты үйлердің сапасы нашарлап, олқылықтары көзге ұрып тұр. Бұл қоныс аударушыларды қоныстандыратын көптеген аудандардың бірінің ғана жағдайы. Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық маңызы бар екенін ерекше атап өткім келеді. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларды қолдау – "Nur Otan" сайлауалды бағдарламасындағы маңызды тармақ. Бұл мәселені жеке бақылауымда ұстайтын боламын", – деді Мәди Ахметов.


Өз кезегінде фракция мүшелері Аманғали Бердалин, Ғалымжан Елеуов және Зульфия Сүлейменова Ақтөбе облысының Алға қаласында тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Негізгі мәселенің бірі – құрылыс материалдарының қымбаттауы.


"Мысалы, әкелінетін арматура екі еседей қымбаттаған. "Nur Otan" партиясының өңірлік даму кеңесінде біз бұл мәселені көтердік. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері жақын арада бұл жағдайдан шығудың жолы табылатынына сендірді, құрылысшыларға көмек көрсетіледі", - деді Аманғали Бердалин.


Естеріңізге сала кетейік, "Nur Otan" сайлауалды бағдарламасы аясында 1 млн-ға жуық отбасы үшін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген, оның ішінде 284 мың көпбалалы және кедейлік шегінен төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар бар.


Депутаттар Зарина Камасова, Ерлан Сабиров және Игорь Панченко Өскеменге сапары кезінде денсаулық сақтауды дамыту мәселелерін талқылап, Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының жұмысымен танысты. Медицина қызметкерлері дәрігердің мәртебесі туралы заң қабылдау идеясын ұсынды, сондай-ақ кадр тапшылығы мәселесін де көтерді. Халық қалаулылары барлық айтылған ұсыныстарды жазып алды.


Айта кетейік, билеуші партияның сайлауалды бастамалары аясында медицина қызметкерлерін, соның ішінде балалар дәрігерлерін даярлауға арналған гранттар санын арттыру жоспарлануда. Жұмыстың тартымдылығын арттыру үшін дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге көбейеді.


Петропавл қаласында "Nur Otan" фракциясының мүшелері Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода жергілікті электр техникалық зауытына барды. Келесі жылдың басында кәсіпорын толық күшіне енеді, бірақ зауыт жұмысшылары мамандардың жетіспеушілігін айтуда.


"Кәсіпорын үшін өндірістің 70% автоматтандырылатыны үлкен артықшылық болмақ. Иә, кадр мәселесі бар, бірақ ол шешіледі. Біз басшылықпен сөйлестік, Мемлекеттік жеке серіктестік аясында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары ұйымдастырылады. Техникалық және IT-білімі бар мамандар тартылатын болады. Бұл бағыт сайлауалды бағдарламада да бар", - деді Дмитрий Колода.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2021
30.04.2021
22.01.2021
10.12.2020
27.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930