Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Басқарушылар кеңесінің 650 млрд АҚШ долларына тең қаржыны арнайы қарызға алу құқығын (бұдан әрі – СДР) жалпылай үлестіруге қатысты шешімі 2021 жылы 23 тамызда күшіне енді (шамамен 456 млрд СДР). Қазақстанға 1,57 млрд АҚШ долларын құрайтын сомада 1,11 млрд СДР бөлінді.