USD 494.63
EUR 583.22
RUB 6.42
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан әкімі грант иегерлер тізімі жарияланды

  • 25.августа.2021, 15:23,
  • 229

Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілетін қала әкімінің грант иегерлері анықталды.

Биыл тұңғыш рет спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша 50 грант берілді. Арнайы құрылған комиссия мүшелері азаматтардың Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарын қарастырды.


Заңнамаға сәйкес өтініш білдірген талапкерлердің спорттық атақтары мен 2019-2021 жылдарғы спорттық жетістіктері, яғни Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, орын алған спортшылар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, толық емес отбасы, мүгедек спортшылардың отбасылары ескеріліп, конкурстық комиссия шешім қабылдады.


Грант тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728