Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өтті. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады.
"Ұлттық құндылықтар - өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қоймай, оған жан-тәнімен берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды қалыптастырып, соған арқа сүйеуіміз керек. Бірақ бұл барлығы осы пәнді оқуға жаппай, тезірек көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады", - деді Алмагүл Мұхамедханова елордадағы білім беру жөніндегі тамыз конференциясында.
Оның айтуынша, бұл әсіресе қазақ тілді сыныптарға қатысты.