USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР Мемлекеттік күзет басшының жаңа орынбасары тағайындалды

  • 25.августа.2021, 13:47,
  • 438

Батырбек Байбосынов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.


Батырбек Байбосынов 1978 жылы 6 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.


Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:


· ҚР ҰҚК Әскери институты (2000);

· "Тұран-Астана" университеті (2009)


Еңбек өтілі:

- Взвод командирі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде рота командирінің орынбасары (05.2000-11.2002);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі қызметтерде болды (11.2002-08.2020);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарының міндетін атқарушы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күзет қызметінің бастығы (28.08.2020-14.12.2020);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Тұңғыш Президенті Қауіпсіздік қызметінің бастығы (14.12.2020 жылдан бастап)

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031