USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Халықаралық валюта қоры елімізге 1,57 миллиард доллар бөлетін болады

  • 25.августа.2021, 12:11,
  • 220

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Басқарушылар кеңесінің 650 млрд АҚШ долларына тең қаржыны арнайы қарызға алу құқығын (бұдан әрі – СДР) жалпылай үлестіруге қатысты шешімі 2021 жылы 23 тамызда күшіне енді (шамамен 456 млрд СДР). Қазақстанға 1,57 млрд АҚШ долларын құрайтын сомада 1,11 млрд СДР бөлінді.

"Он бірінші рет іске асырылып отырған үлестіру қағидасы ХВҚ тарихындағы ең ауқымдысы болып табылады және сарапшылардың бағалауынша, әлемдік экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығын күшейтуге жағымды ықпал етеді. ХВҚ-ның СДР-ды қайта үлестіру туралы шешімінің мақсаты – ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттердің ұзақ мерзімдік қажеттіліктерін қаржыландыру үшін ғаламдық экономикаға қосымша өтімділік ұсыну. Мұндай қаражаттың бөлінуі әлемдік экономиканың пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерістерін ынталандыратын болады", - деп атап өтті Ұлттық банктегілер.


СДР-дың қосымша шығарылымы ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттер арасында олардың квоталарының көлеміне қарай үлестірілді.


ХВҚ-ға мүше мемлекеттер үлестрілген СДР-ды қандай мақсатта пайдаланатынын өз бетінше шешуге құқылы. СДР валюталық резервтердің бөлігі болып табылатындықтан, сақталынуы немесе өзге мүше мемлекеттердің еркін конвертацияланатын валютасын алу мақсатында айырбасталуы мүмкін.


Сонымен қатар, сыртқы экономикалық операциялар бойынша жағдайы едәуір жақсы мүше мемлекеттер, экономиканың дағдарыстан кейін қалпына келуіне көмектесу мақсатында, үлестірілген СДР-ды жағдайы әлсіздеу мемлекеттерге ерікті түрде беруіне болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
09.06.2021
09.03.2021
27.09.2019
19.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031