"Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұл лауазымға Батырбек Байбосынов тағайындалды.
Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Қазақ политехникалық институты, "электр инженері" мамандығы
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, "құқықтану" мамандығы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің жеке құрамына қабылданды (05.2006)
Еңбек өтілі:
- Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицер болып қызмет атқарды (1994-2006);
- Қызмет аппаратында офицерлік және басшылық қызметтер атқарды, сондай-ақ оперативтік қамсыздандыру бөлімшелерінде қызмет етті (2006-2019 жж.);
- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы (05.2019-07.2021);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (07.2021 жылдан бастап)