Әр жыл сайын ақпанның ортасында күн райы бұзылады. Боран борап, қар жауып немесе үскірік аяз түсіп, табиғат «мінезін» көрсетіп қалады. Табиғаттың əр құбылысын бақылап, жан-жануармен, тіршіліктің түрлі тылсымымен байланыстырып, «бесқонақ», «құралайдың салқыны», т.с.с. ат қойып, айдар тағып жүретін бабаларымыз бұл күн райын «бөрісырғақ» деп атаған.