USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Макс Боқаев бостандыққа шықты

  • 04.ақпан.2021, 13:32,
  • 268

Жер мәселесіне қатысты митингілердің ұйымдастырушысы Макс Боқаев бостандыққа шықты. "Ақ Жайық" басылымы Макс Боқаев 4 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де Атыраудағы түзеу колониясынан босатылғанын жазды. 

Басылым мәліметіне сүйенсек, бостандыққа шықаннан соң Макс Боқаев белсенділермен кездескен. Кейін үйіне, анасына барған.

Айта кетейік, Макс Боқаев пен Талғат Аян 2016 жылғы қарашада бес жылға бас бостандығынан айырылған. Атырау қаласының №2 соты оларды ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігі ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру"), 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қоғамдық шара өткізудегі көрінеу жалған ақпарат тарату") және 400-бабы ("Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу") бойынша кінәлі деп таныған.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 400-бабы бойынша Макс Боқаев пен Талғат Аянға 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 530 250 теңге айыппұл салынған.

2018 жылы сәуірде Талғат Аянның жазасы жеңілдетілген болатын. Сот белсендінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған еді.



#боқаев #түрме #үкім #жаза #бостандық #жер #дау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.12.2020
10.06.2020
27.05.2020
18.10.2019
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031