"Сенаторлар халықаралық заңды бұзуға, соның ішінде Алексей Навальныйды улау мен түрмеге қамауға қатысы бар ресейлік шенеуніктерге қатысты мақсатты санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қайта енгізді " - делінген хабарламада.
Бұл арада сенаторлардың Ресей билігіне қарсы 2020 жылдың қыркүйегінде енгізуді ұсынған санкциялардың жобасы туралы сөз болып отыр.
Заң жобасындағы ықтимал санкциялар активтердің бұғатталуы мен виза беруден бас тартуды қамтиды.
Сонымен қатар құжатта АҚШ әкімшілігі Ресей билігінің химиялық және биологиялық қаруды қолдануға тыйым салатын халықаралық келісімдерді бұзған-бұзбағанын анықтауы керек екендігі баса айтылған.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Батыстың Алексей Навальныйдың ісіне байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдіріп, бұл елдерге мұндай қадам жасауға ешқандай себеп жоқ, деп мәлімдеді.
Қаңтардың ортасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: "Америка Құрама Штаттары Ресейге қарсы қосымша санкцияны "Американың қарсыластарына санциялар арқылы қарсы іс-қимыл таныту туралы" заңның шеңберінде қарастырады", - деп мәлімдеді.
Мемлекеттік департаменттің басшысы атап өткендей, "Солтүстік бағыт - 2" құбыры желісіне қарсы санкциялардың қолданылуы АҚШ-тың "Ресейдің мәжбүрлеу құралын демеп, оған кешіріммен қарайтындарды жауапқа тартудан қорықпайтынын" көрсетеді.
#Навальный #АҚШ #саясат #Ресей #санкция #Помпео