USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Асқар Мамин Алматыда жиналыс өткізді

  • 04.ақпан.2021, 18:17,
  • 385

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір әкімі Амандық Баталов Алматы облысын дамытудың өзекті мәселелері туралы баяндады.

Көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, туризм және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау, өңірде "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,7%-ға (машина жасау 31%-ға, фармацевтика 10%-ға, тамақ өнімдері 3,5%-ға, сусындар 2,3%-ға, қағаз өндірісі 1,1%-ға) өсті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,3% өсіммен 917,8 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 6,9 мың гектарға ұлғайып, 968,5 мың га құрады. Мал басы 5,1%-ға артты, ет және сүт өндірісі тиісінше 2,2%-ға және 3,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4%-ға 680,7 млрд теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 310,2 млрд теңгені құрады (+6,8%), 957 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+6,9%).


Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 44 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 5,4 трлн теңгеге 546 жоба кіреді. Биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын аша отырып, 118 млрд теңгеге 62 жобаны іске асыру жоспарлануда. Алматы облысының Іле ауданында жалпы қуаты жылына 220 мың тонна болатын екі қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталады.


2020 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21 млрд теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5%-ын құрайды. Биыл облыста 685 км туристік маршрут пен соқпақтарды абаттандыру, 2,6 млрд теңге сомасына туристерді орналастыратын 18 орынды пайдалануға беру жоспарланған.


"Алматы облысы экономикасының негізгі секторларында оң даму динамикасы сақталды. Өңір АӨК, көлік және логистика, туризм және өнеркәсіп салаларында елеулі әлеуетке ие. Облыс Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып саналады. Жаңа жобаларға салынатын инвестициялар көлемін арттыру арқылы Алматы облысын одан әрі дамытуға едәуір серпін беру қажет", — деді Мамин.


Үкімет басшысы Алматы облысын дамытудың жоспарланған барлық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.


#Мамин #экономика #Алматы #инвестиция #билік

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.10.2020
14.10.2020
06.10.2020
06.11.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930