USD 522.38
EUR 612.6
RUB 6.54
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Навальныйдың бауыры күдікке ілінді

  • 04.ақпан.2021, 11:35,
  • 392

Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың ағасы Олег Навальныйға айып тағылды. 

Бұл туралы қорғаушы Никос Параскев Twitter желісінде хабарлады. Қазір Олег Навальный үй қамауында.

"Бүгін Олег Навальныйға Мәскеудің Мещанский ауданындағы Ресей ІІМ бөлімшесінде РФ Қылмыстық кодексінің 4-бабының 33-бөлігі, 1-бабының 236-бөлігі бойынша айып тағылды", - деп жазды қорғаушы.

Осы іс бойынша оппозиционердің тағы бірнеше серіктесі үй қамауына алынды. Тағы бір азаматқа сот белгілі бір әрекеттерге тыйым салды.

Оларға 23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуға итермелеу туралы қылмыстық бап бойынша айып тағылды.

Еске салайық, 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский аудандық соты ресейлік саясаткер Алексей Навальныйға "Ив Роше" ісі бойынша шартты мерзімді колонияға ауыстыру туралы шешім қабылдаған ді. Алексей Навальный 3,5 жылға сотталған болатын.



#навальный #күдік #түрме #жаза #сот #ресей #оппозиция 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031