"Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей-ақ, ауысуға болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің ауысу қағидаларын, сондай-ақ оларға ротация жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстық басқармалардың бірінші басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің басшылары үшін семинар ұйымдастырды.