USD 538.56
EUR 625.65
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде тағы 4 ауыл қызыл аймаққа енді

  • 07.желтоқсан.2020, 12:37,
  • 461

СҚО-да тағы 4 ауыл карантинге жабылды. 

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар облысты коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шығару үшін қабылданғанын айтты. 

Комитет мәліметінше, Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, ал 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы қайтадан карантинге жабылды. Жұмабаев атындағы ауданда коронавирусқа байланысты Таман және Успенка ауылдарында да шектеу шаралары енгізілгені айтылады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, пандемия басталғалы СҚО-дағы 5 аудандағы 11 елді мекен жабылған.



#карантин #коронавирус #пневмония #қазақстан #сқо

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031