USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

  • 07.желтоқсан.2020, 15:31,
  • 399

Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды. Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмады.

Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмады. Сағат 21.09-да Ақши ауылындағы Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен аталған автокөліктер жолдың тазартылған жүріс бөлігіне сүйреп шығарылды және олар әрі қарай өз жүрісімен қозғалыстарын жалғастырды.

Сағат 13.14-те "Үшарал-Достық" автожолының 45-ші шақырымында Жалаңашкөл учаскесінде DAF маркалы жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Сағат 22.22-де Достық ст. 20-ӨСБ қызметкерлері аталған автокөліктен 2 адамды эвакуациялап, Достық станциясына жеткізді.

Сағат 22.22-де "Алматы - Өскемен"- Қапал Арасан шипажайы" автожолының 35 шақырымында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Салонда жалғыз жүргізуші ғана болды. Талдықорған қ. ЖҚЖ құтқарушылары шақырту орнына келген бойда аталған автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Сағат 23.58-де құтқарушылар жүргізушіні Талдықорған қаласына эвакуациялады.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.



#боран #қар #көлік #ауарайы #алматы #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30