USD 523.2
EUR 594.3
RUB 6.38
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда жолайрықтар құрылысы қашан аяқталады?

  • 07.желтоқсан.2020, 16:19,
  • 384

Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі өзгертілді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебінде айтылады. 

Осылайша, соңғы өзгерістерге сүйенсек, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрықты 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мұның алдында бұл жолайрықтың құрылысы келесі жылы бірақ нақты қай айда аяқталатыны айтылмаған болатын. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі қиылысында жолайрықты салу жұмыстары 2022 жылдың желтоқсанына қарай аяқталады. Мұның алдында жоба 2021 жылы аяқталады делінген еді. Сондай-ақ, әкімдіктегілердің мәліметінше, Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесі қиылысындағы жолайрықты салу жұмыстары 2022 жылдың ақпанында аяқталады.


#жолайрық #алматы #жол #құрылыс 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930