Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова "Алтын домбыраның" Сыр жұрты үшін ерекше мақтаныш екенін жеткізді.25 желтоқсанда Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен "Алтын домбыраны" табыстау рәсімі болып өтті.