Қарызға белшесінен батқан зауыт қазір жабылудың алдында тұр. Кезінде Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары келгенде жергілікті әкімдік "біздерде анадай бар, мынадай бар" деп мақтанышпен көрсететін кәсіпорын қазір көшпелі көрме залындай қаңырап бос қалған. Мұнда қазір шенеуніктер де, игі жақсылар да ат ізін салмайды екен.