Мәскеу Жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салды. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин коронавирус пандемиясына қатысты "Жоғары дайындық режимін енгізуге байланысты қойылған шектеулерді жою кезеңдері туралы" қаулыға қол қойды. Құжатта мәскеуліктердің жаңа жылдық мерекелерді қалай және қай жерде тойлайтындығы анықталды.